«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 30 қазандағы № 815 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 10 қарашадағы № 1213 бірлескен бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 30 қазандағы № 815 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 10 қарашадағы № 1213 бірлескен бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33159 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларында:

2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Тізілім жеке сәйкестендіру нөмірлерін (бұдан әрі - ЖСН) есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізген кезде цифрлық жүйелердің негізінде құрылады;

3. Цифрлық жүйенің қауіпсіздігі мен дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Тізілім біріктірілген және тіркеу-өндірістік бөліктеріне бөлінген.

4. Цифрлық жүйенің тіркеу-өндірістік бөлігінде жеке басты куәландыратын құжаттарды беру туралы өтініштерде қамтылған деректердің негізінде ЖСН қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

5. Цифрлық жүйенің біріктірілген бөлігі мынадай міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді:

1) мемлекеттік органдардың цифрлық дерекқорларын өзектендіру және ақпараттың қайталануын болғызбау;

2) цифрлық ресурстарды басқару мен пайдалану тетігін жетілдіру;

3) жеке тұлғалардың өзара іс-қимылын оңтайландыру арқылы мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынастарын жетілдіру.»;

7- тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.